Қысылғаннан есім шығып – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қысылғаннан есім шығып» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 626
Қысылғаннан есім шығып,
Ұялғаннан жандым ба.
Ақ желекті жапты біреу,
Қауым елдің алдында.

Асау мінез, астам көңіл,
Су сепкендей басылды.
Жұрт алдында тұрмын ійіп,
Тауға имеген басымды.

Көктем өтіп,жаз аяқтап,
Басталды ма күз енді,
Ата менен ене алдында,
Бүгіп тұрмын тіземді.
Ақ желекпен қымтадым кеп,
Жел сипаған кекілді.
Кешегі мен бүгінгі өмір,
Бидай мен ұн секілді…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері