Аққуы аспанға ұшып айдынымның – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аққуы аспанға ұшып айдынымның» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Аққуы аспанға ұшып айдынымның,
Жаңылдым есебінен ай-күнімнің.
Сарнадым cap қамыстай желді күнгі,
Қанбадым шəрбатына Лəйлі-мұңның.
Көзіме екі көлді мəймілдеттім.
Көрінбей көкжиекке, ай-күн, кеттің...
Көңілден көкала үйрек ұшқаннан соң
Көрінген көк түйнекті Лəйлім деппін.
Қамалдым қаңғып келіп торға құстай,
Аққуым көлден ұшты-ау, қолдан ұшпай.
Тілегім тіл ұшында тұтқындалып,
Жүрегім ыңырсыды жолбарыстай.
Айрылып аққуынан – алқасынан
Айдыным жатыр түсіп шалқасынан.
Мен жүрмін аспан-жердің арасында
Арадай арлы-берлі бал тасыған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққуы аспанға ұшып айдынымның өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аққуы аспанға ұшып айдынымның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққуы аспанға ұшып айдынымның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққуы аспанға ұшып айдынымның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері