Жанымды түртiп жəй жатқан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жанымды түртiп жəй жатқан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Жанымды түртiп жəй жатқан
Келiп бiр қалдың қай жақтан?
Жəннаттың Перiштесi ме ең,
Жанарын нұрмен жайнатқан?!
Келсең кел, мейлiң, кет демен,
Есiгiмдi ашшы еппенен.
Жете алмай таңға,
Талаурап..,
Өзiм де азап шеккен ем.
Үркiнбе,
Бiзден жұрт қашық,
Именбе,
Төрге оз нық басып.
Тарқатшы алтын шашыңды
Нəр татсын жүрек жұптасып.
Келе ғой, жаным, кел берi...
Кiрпiгiң қандай зерлi едi?!
«Перiнiң шалығы ұрған...» деп
Сөз етсiн, мейiлi, ел менi!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымды түртiп жəй жатқан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жанымды түртiп жəй жатқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымды түртiп жəй жатқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымды түртiп жəй жатқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері