Ескi арықтан су ағар ылайланып – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ескi арықтан су ағар ылайланып» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 875
«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Халық əнiнен

«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Сабағынан сүзiлген Сəмбiталдай
Сағат сайын барасың шырайланып.
«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Бұл жалғанда, құдай-ау, кiм бар, кiм жоқ,
Жыл артынан келгенше жыл айналып…
«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Қу далада «Қуыспақ» ойнайықшы,
Мен тазы да сен құмай сыңайланып.
«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Көк жұлдызын көзбенен санайықшы
Көк майсаға көлденең құлай қалып.
«Ескi арықтан су ағар ылайланып,
Сырласайық екеумiз былай барып…»
Сол жатқаннан екеумiз тұрмайықшы,
Аспан жерге түссе де шыр айналып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескi арықтан су ағар ылайланып өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ескi арықтан су ағар ылайланып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескi арықтан су ағар ылайланып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескi арықтан су ағар ылайланып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері