Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 980
Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн,
Құйды екен жанарыңа жалынды кiм?..
Көркiңнен көз алатын халде емеспiн
Көргендей ханзаданың қалыңдығын.
Өзiң де ерте бүршiк жарған гүл ең,
Армандай арбайтұғын алдан кiлең.
Тəнiңдi Тəңiр ием таң алдында
Шуаққа шомылдырып алған бiлем.
Қараудан жаутаң-жаутаң жалықпаймын,
Қиялдың қанатында қалықтаймын.
Шəмшiнiң əуенiмен шыр айналып,
Жəмшидтiң кесесiнен бал ұрттаймын.
Ашылса маған қарап сəл қабағың,
Құлқыңа құрақ ұшып жалданамын.
Пейiштiң перiштесi бола тұрып
Жер басып жүргенiңе таң қаламын.
Мас болам жамалыңа, жанап өтсең,
Қайтедi тəуекелге талап етсем:
Пайғамбар күйеуiнiң Дүлдүлiмен
Жан бiлмес алыс жаққа ала кетсем...
Қия алмай қияметке қас қағымды,
Жия алмай ес-түсiмдi, мас халiмдi,
Қолыма Ай қондырып алғандайын
Аялап отырсам-ау жас тəнiңдi!..
Жан пида көбелектей жарық шамға
Өртенiп кетерiмдi жəне ұқсам ба.
Жұлдыздай жерге құлап түсер ме едiм
Бiр тамшы көз жасындай ағып сонда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлпырып кетiпсiң ғой, жаным, бүгiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері