Қысыр бұлт

Бұл бетте «Қысыр бұлт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Байқатып бір сұмдықты басы қатты,
Жай ойнап,
Жарым түнде жасын ақты.
Бозарып шүңіт көзі шүберектей,
Таңым да ұйқысынан шошып атты.
Арыстан ішін тартып ақырды ма?
Айдаһар алау шашып аһ ұрды ма?
Бір түйір жаңбыры жоқ,
Жарым түнде
Жай ойнап неге, апырай, жатыр мына?
Жаңылып мінезінен жар қылықты,
Түнгі ызғар заһар шашып, зəр бүрікті.
Ас толы алтын астау жарылғандай,
Аспан, жер алабөтен жаңғырықты.
Тоба айтып,
Тоқтау салар тосын жайға
Қайда екен қариялар осындайда?..
Бұзылса түнгі ұйқысы,
Біз түгілі,
Шар етіп шақалақ та шошынбай ма?
«Тəйірі, – дерсің-ау сен, – сөз бе осы да,
Тірліктің Тəңір куə тозбасына!»
...Оятқан шырт ұйқыдан қара түнді
Қарғадым: «Көрінсін, – деп, – өз басыңа!..»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысыр бұлт өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қысыр бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысыр бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысыр бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері