Өлең, жыр, ақындар

Қайтқан құстар әні

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4412
Күз аспаны қайта-қайта түнеріп,
Кербез дала кемеліне түр еніп.
Ақ қалпағын шекесіне қондырған,
Алатауым ат үстінен шіреніп.
Долы бұлттар көздің жасын сарқады,
Түрлі-түсті кемпірқосақ арқаны.
Бетегесін желпілдетіп қыраттың,
Сыбызғы жел әсем сазды тартады.
Бұл өмірден күнде жаңа күй ұғып,
Сұрғылт тұман құзға қашты бұйығып.
Кейде нәзік,
Кейде қатқыл дауыстар,
Жүрек-өзен,
Жатыр соған құйылып!..
Шопан жігіт баса киіп тымақты,
Жанарынан таратып нұр-шуақты.
Көкжиектен бара жатыр күн құлап,
Қыз көтерген алтын табақ сияқты.
Суретші ғой бұл табиғат ұстарған,
Түн ұзарып,
Күндіз біраз қысқарған.
Шуда бұлттар көкжиекке көшеді,
Ән тыңдаймын,
Күзгі қайтқан құстардан.
Тырналар да ұшты тынбай қат-қабат,
Қайда кеткен,
Қарлығаштар ақ қанат?
Қайтқан құстар әні қандай мұңлы еді,
Қайталаймын ертелі-кеш жаттап ап.
Бір тынбайды көңілім менің күнде алаң,
Бұл өмірге келіп-кетер түрлі адам...
Қараймын да сол бір қайтқан құстарға,
Жан құлазып, өз-өзімнен мұңланам.
Сусылдаған қанаттардан күй ақты,
Дірілдетті нәзік жасыл құрақты.
Келеміз де бүл өмірге, кетеміз,
Бейне сол бір қайтқан құстар сияқты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күткен күндер

  • 0
  • 0

Сараңның жүрегінен шаттық үзіп
Тағы да ауыл кеші, жатты қызып
Зейнептің көңілі сонша қуанышты,
Аңсап күткен күндерден тапты қызық.

Толық

Қашқын

  • 0
  • 0

Қайрымсыз уақыт еді ол қауіп төккен,
Жаңбырдай ажал бұлты жауып көктен,
Күн туып ел басына аштық,
Жоқтық,

Толық

Жауынды көктем

  • 0
  • 0

Осынау жақтың күні ұдайы тұнжырап,
Жадырамай, бұлты неге түр жылап.
Менің дағы қақ айырып кеудемді,
Жарға соғып толқындайды бір бұлақ.

Толық