Жаңа әріп

Бұл бетте «Жаңа әріп» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 745
Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,
Түрленгендей,
Оңайланып өмірге...
Өрнек берген
Өрнектелген
Солдан онға жазғанда,
Салсаң назар,
Жазуға ажар
Беріп, жолды сызды алға.
Десте-десте,
Сұлу кесте,
Безелінген үзіліп,
Кезек-кезек,
Қалам кезеп,
Жазғандайсың қызығып;
«Әліп-би»-і
«Би мен ти»-і
Бөгеп еді арабтың
Жаңаланған,
Жаңа алынған,
Жаңа әріпті жараттым.

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа әріп өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жаңа әріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа әріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа әріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері