Ырым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ырым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1248
Бұл әңгіме бұрын болған,
Бұрын болғанда – ұрын болған.
Ұл таппаған әйелдерге
Еркектер қырын болған.
«Бедеулердің» жегені желім,
Ішкені ірің болған.
Отбасында береке жоқ,
Ырың мен жырың болған.
Ұл керек дегендерге
Не болса сол ырым болған.
Мәселен, біреулер қыз табады,
Біреулер ұл табады.
Ұл тапқанда қатарынан
Бірнеше жыл табады.
Ондай әйел күйеуінің
Киген ғой күнқағарын.
Оны киген келіншектер
Дейді екен ұл табады.
Тіпті, оның етігі түгіл,
Қат екен ұлтарағы...
Ондай еркек ерке болған,
«Қой бастаған серке» болған.
Тумаған әйелдердің
Үйлерін шерте қонған.
Қонақтан-қонаққа барып,
Өзі әбден бөрте болған,
Бөркі де төрде болған,
Қол жетпес жерде болған.
Жағасы жаялық та,
Көйлегі көрпе болған.
Етегін кесе-кесе,
Шапаны келте болған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ырым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері