Тарақандар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1126
Түн ішінде қараңғы
Тарақандар жосылып,
Бастары бір қосылып,
Жамандады адамды:
«Көрмедік бұл өмірде
Одан өткен наданды.
Ашық-шашық көбінде
Қалдырады тағамды.
Тінткілеп бар ас үйді,
Ас үй емес – лас үйді
Әй, еркін бір шайқайық...
Адам көрсек, аңқау деп,
Салақ, әрі жалқау деп,
Беттеріне айтайық!» –
Деп тұрғанда әлгі лек,
Үй иесі қалды кеп.
Шам жағылып, жарқ етті,
Даңғойлардан әл кетті.
Тарақандар табанда
Тым-тырақай жүгірді.
Қарай алмай адамға,
Қуыстарға тығылды.
* * *
Тап осындай пасықтар
Ту сыртынан күңкілдіер.
Шындықты айтып ашық дәл,
Шыға аламайды-ау шіркіндер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарақандар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тарақандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тарақандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарақандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері