Табиғат бүгін иіп тұр – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Табиғат бүгін иіп тұр» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4956
Табиғат бүгін иіп тұр,
Алтынды нұрын құйып тұр.
Алатау-ару асқақтап,
Төбесі көктен биік тұр.
Табиғат бүгіп күліп тұр,
Жадырап жарқып, жылып тұр.
Алапты жапқан әппақ қар
Береке болып тұнып тұр.
Табиғат бүгін анық бір,
Алауын таңның алып тұр.
Көк сүңгілердің ұшынан
Меруерт болып тамып тұр.
Табиғат бүгін қайық бір,
Тербеле құшақ жайып тұр.
Тамылжып дәйім осылай,
Қам көңілдерді айықтыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат бүгін иіп тұр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Табиғат бүгін иіп тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғат бүгін иіп тұр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Табиғат бүгін иіп тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері