Аяғы ауыр әйелді жатырқама – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аяғы ауыр әйелді жатырқама» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4076
Аяғы ауыр әйелді жатырқама,
Сәлем бергін сыпайы жақында да.
Ана болған ол небір ақынға да,
Ана болған ол небір батырға да.
Аяғы ауыр әйелді абайлағын,
Жүгі болса қолында, қарайлағың.
Содаң туған Қажымұхан, Балуан Шолақ,
Махамбет пен Ыбырай, Абайларың.
Аяғы ауыр әйелді ұқпай болмас,
Мүмкін, қыздай қыпша бел сыптай болмас.
Ана мықты – көтерген даналықты,
Қашанда оны құдірет тұтпай болмас.
Аяғы ауыр әйелді түсіне біл,
Торғыл тартқан тесілме түсіне құр.
Алмасады – анадан жалғасады
Үзілмейтін үміт пен ұзын өмір.
Аяғы ауыр әйелді налытпағын,
Көтермеле кеңілін, арытпағын.
Мол емес пе мейірі, сол емес пе
Ататұғын алдағы жарық таңың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяғы ауыр әйелді жатырқама өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аяғы ауыр әйелді жатырқама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяғы ауыр әйелді жатырқама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяғы ауыр әйелді жатырқама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері