Дәрігер – Қуат Адис

Бұл бетте «Дәрігер» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1199
«Талап – тұлпар» демей ме?!
Алсын атын танып ел.
Есейгенде Медине,
Болам дейді дәрігер.

Жарасып-ақ тұр аппақ,
Үстіндегі жидесі.
Қорқынышты бірақ та,
Қолындағы инесі.

Сауықтырар ол «емдеп»,
Апасы мен әкесін.
Ащы дәрі берем деп,
Жылатады бөпесін.

Мақтанады ол тағы,
Көңілін ел бөлгенге.
Бірақ, өзі қорқады,
Дәрігерді көргенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрігер өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Дәрігер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәрігер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Адис өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәрігер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері