Кім көріпті мұндайды?

Бұл бетте «Кім көріпті мұндайды?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1069
Кім көріпті мұндайды?
Кім білмейді Тынбайды?
Арыз жазып домалақ,
Күні-түні тынбайды.
Арымайды, азбайды,
Жазған сайын маздайды.
Бірақ, арыз соңына
Аты-жөнін жазбайды:
«Ішіп қойды, жеп қойды,
Анау андай деп қойды.
Ана біреу парамен
Басшы орынға бет қойды...»
Сөзі сылдыр соншама,
Дәлелі жоқ болса да,
Тексеруге арызды
Кеткен уақыт қаншама?
* * *
Бірде бастық шақырды,
Мақтау айтты «татымды»:
Әкең қандай данышпан,
Тауып қойған атыңды.
Өтірікті шындай деп,
Жазарыңды тынбайкөп,
Білген әкең алыстан
Екен нағыз данышпан:
Ат қойғаны «Тынбай» деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім көріпті мұндайды? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кім көріпті мұндайды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім көріпті мұндайды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім көріпті мұндайды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері