Еңбек зейнеті

Бұл бетте «Еңбек зейнеті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2548
Тың даланы түлетем деп
Өтті талай күресте таң.
Көкірегіне күн мекендеп,
Тұрды ұйқысыз республикам.
Алуан тілмен берді сөйлеп,
Байтақ дала, байтақ аспан.
Еңбекпенен келді зейнет
Жеңілді тың тайталасқан.
Сарыарқаның сауырына
Салды саусақ күсті қолдар.
Асау дала бауырына
Айыл тартып түсті жолдар.
Толқыды егін жер төсінде
Жарылқады халқымды күз.
Тұр ерлердің кеудесінде
Бидай түсті алтын жұлдыз.
* * *
Сапырып жылдар дариясын,
Шарқ ұрып қырлар қиясын,
Толқытып жанның ұясын,
Селіңді бір кез құясың.
Жылатып я күлдірмей,
Қаласың кейде түк үнсіз.
Толқынын сыртқа білдірмей,
Тулайды бір ой тынымсыз.
Белгісіз қашан жанары
Жаныңның оты лапылдап.
Қиялың қанат қағады,
Қалғандай өлең жақындап.
Жел басылып шаңдатқан,
Жауардай жырдың жаңбыры,
Өлеңін жылдар толғатқан,
Қиын ғой ақын тағдыры.
* * *
Алатау асқарынан
Ағараңдап таң өтті.
Алматы аспанынан
Көрінді күн әдепкі.
Күн кірпігі — қызыл найзалар
Қызыл жалауларға түсті.
Аспан кеңістігін айнала
Ақ көгершіндер ұшты.
Ай әлі батпай
Тұр солдаттай,
Тоғысты күн барып.
Әйтпесе ну орманды,
Асқар тауларды
Тұрады кім бағып?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбек зейнеті өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Еңбек зейнеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңбек зейнеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңбек зейнеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері