Сталинград – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сталинград» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3287
Айнала жау анталаған,
От ішінде тұрды қала.
Дүние үмітін арқалаған,
Секілді еді бір мұнара.
Көшелердің жалтыр тасын,
Жапты жалын қанатымен.
Зеңбіректер атты жасын,
Қаптатып сел қара түннен.
Сол қалада сол бір күнде,
Таянышын тапты өмір.
Араласып зор дүбірге,
Айбатшеге ақты Еділ.
Ашып тастап от құшағын,
Келгенінде жау жалақтап.
Адамзаттың болашағын
Сол бір қала қалды сақтап.
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сталинград өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сталинград өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сталинград өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сталинград өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері