Талдықорған

Бұл бетте «Талдықорған» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3445
Құшаққа байтақ даланы ап,
Өзенді, тауды, орманды.
Екі күн бойы аралап,
Келеміз Талдықорғанды.
Көрдік ғажап жандарды,
Ұқтық нелер күй қызық,
Тұрғандай сол тауларды
Көңіліңе сыйғызып.
Ұшар басы мұнартқан
Таулары бар Шажадай,
Өзенімен бір аққан
Электр боп нажағай.
Қорғасын тау жері өңшең,
Мұнда талды орман көп.
Қойған атын мен білсем,
Содан Талдықорған деп.
* * *
Жас қайыңда жапырақ
Күзде тоңса қалтырап,
Десең қуат, әл алсын,
Жылуын бер жаныңның
Өйткені, сен адамсың.
Көрмей сая көлеңке,
Жатқан сусап шөл өлке,
Десең көктеп, жанарсың,
Жылуын бер жаныңның
Өйткені, сен адамсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талдықорған өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Талдықорған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талдықорған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талдықорған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері