Жымқырбаев жолда тұр – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жымқырбаев жолда тұр» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1119
Жымқырбаев жолда тұр,
Ала таяқ қолда тұр.
Шоферларды шетінен
Тоқтатады ол батыр:
«Суық екен салоның,
Бос үрленген балоның.
Сондықтан да, бауырым,
Тесіледі талоның».
Шофер гәпті білгенде,
Есін жиып бір демде:
«Теспеңіз, – деп, талонды»,
Тастап кетті мың теңге.
Жымқырбае тосып тұр,
Мыңға мыңды қосып тұр.
Тағы бірін тоқтатты,
Келе жатқан жосып бір:
«Желдей ұшып келесің,
Қайда асыққан немесің?
Ережені бұздың сен,
Правоңды бересің».
Шоферға бұл жетіп үн,
Таппақ болып тетігін,
Правоның орнына
Тастап кетті екі мың.
Жымқырбаев тосып тұр,
Мыңғы мыңды қосып тұр.
Тағы бірін тоқтатты,
Қалды шофер шошып бір:
«Кузовтағы шөбің не?
Бұл жүрісің тегін бе?
Правоңды бересің,
Күдік туды көңілге».
Көріп қатал кескінді,
Шоферға тез ес кірді.
Правоның орнына
Тастап кетті бес мыңды.
Жымқырбаев тосып тұр,
Мыңға мыңды қосып тұр.
«Джип» алам деп жақында,
Көңілі көлдей өсіп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жымқырбаев жолда тұр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жымқырбаев жолда тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жымқырбаев жолда тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жымқырбаев жолда тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері