Дауыл күнгі дария

Бұл бетте «Дауыл күнгі дария» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3569
Тұнып жатқан көкке атып толқындарын,
Дауыл бұрқап дарияның соқты жарын.
Нажағайдың жарқ еткен сәулесінен,
Айдынында ойнайды отты жалын.
Көбік қайнап сапырып дарияны,
Салып қиқу сақылдап жарға ұрады.
Шұлғи тартқан сулығын шу асаудай,
Арындайды толқынның арғымағы.
Туған жердің толқынын толтыра ішіп,
Құшағыма дауылын кеттім қысып.
Арпалыста атуға дұшпанымды,
Аспанынан нажағай алдым құшып.
Асып толқын жатқанда иегінен,
Тұрмын қарап дарияның жиегінен.
Туған елдің күшіндей толқын атқан,
Дауыл күнгі дарияны сүйемін мен.
1946


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл күнгі дария өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дауыл күнгі дария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл күнгі дария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл күнгі дария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері