Мақтанышым – Шиелім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мақтанышым – Шиелім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5603
Әнін жазған Серік Сыздықов

Алтын таңды туған жерім-ай,
Жарқын жанды думан елім-ай,
О-о-о, Шиелім!
Ер Мұстафа Шоқай,
Ер Ыбырай Жақай
Жарық көрген жарқын жерім-ай.
Бекежанов Нартай
Шырқап өткен алтын елім-ай!

Қайырмасы:
Қазақтың ер өрендері,
Дүниеге келген жері –
Туылдым мен де,
Туылдың сен де
Шиеліде.

Әбділда ақын жырлап өлеңмен,
Әсем ән мен жырға бөленген,
О-о-о, Шиелім!
Аты жұртқа мәлім,
Шахмардандай ғалым
Дүниеге келген Шиелім.
Асқар сынды дарын
Орын алған төрден, Шиелім.

Қайырмасы:

Жайындары тайдай тулаған,
Қаз-үйрегі жаздай шулаған,
О-о-о, Шиелім!
Ақ маржандай күріш,
Тарысы мол ырыс,
Сырдың бойы байлық-береке.
Бар қазаққа туыс,
Шиеліде шаттық, мереке.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтанышым – Шиелім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мақтанышым – Шиелім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтанышым – Шиелім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтанышым – Шиелім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері