Бұл бетте «Ер жеткенде» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ер жеткенде есейіп,
Ер болмасқа немене!
Ерке өсіп, білімді
Кен болмасқа немене!
Өткір алмас болатқа
Тең - болмасқа немене!
Сары алтындай салмақты,
Сірә, саспас сабырлы,
Кең болмасқа немене!
Уралап айқай салғанда,
Алтын шашақ қызыл ту
Қолға алмасқа немене!
Жарқылдаған ақ семсер,
Аспаһанды, тарланды
Жолға алмасқа немене!
Қарсы келген жауыңды,
Қаһарыңмен үйіріп,
Торға алмасқа немене!
Айбатыңмен арбасып,
Айқасып жаумен қалғанда,
Қылпып тұрған қылышты
Сонда алмасқа немене!
Осы істерді істемей
Ер жеттім деген ерлердің,
Сөзіне кісі сенер ме?!
Сентябрь, 1939
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі