Тәтті жыр
Бұл бетте «Тәтті жыр» атты Баубек Бұлқышев жазған поэзия туралы өлең берілген.
Абайға
Аузымда тәтті дәмі бар
Шекер-балдай бір жырдың
Жүрегіме құйылған,
Түсінем білем мен сырын.
Тілге жеңіл тамаша
Жүрекке майда нәзік үн,
Рух берген жаныңа
Шұғыла шашқан құсап күн,
Алтындаған сара сөз
Тамылжыса балдай боп,
Жанына әсем нұр берсе,
Жазғы атқан таңдай боп.
Сол тәтті жыр дүкенін
Араламай, кезбей не?
Жырдың терең жырларын
Оқып, біліп сезбей не?
Аузымдағы тәтті жыр,
Абай жыры шекер-бал.
Миллион жылдар мәңгіге
Төгілмес, өшпес кетер бал.
Июнь, 1939 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі