Мама – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мама» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.07.2019
  • 0
  • 1
  • 7333
Айналайын Мама,
Туған күніңмен!
Сыйлайыншы саған
Дала гүлін мен.
Күлімдеген көзің
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзің
Ақын жырындай.
* * *
Айналайын анашым,
Әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Шам-шырақ боп жанасың.
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл.
* * *
Дүниеде артық
Жан жоқ мамамнан.
Дариядай шалқып,
Ән боп таралған.
Мерекең ғой бүгін,
Жүрек жарылар.
Даланың ақ гүлін
Сыйға қабыл ал.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Akbobek

Өте күшті

Осы автордың басқа өлеңдері