Ұйқыдан соң

Бұл бетте «Ұйқыдан соң» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5119
Ұйқыдан соң
Жапырақпын
Жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқыдан соң
Құспын
Ұзақ ұшып көліне кеп дем алған.
Ұйқыдан соң
Көк айдынмын
Мөлдіреген шайқалып.
Ұйқыдан соң
Ну орманмын
Желбіреген жайқалып.
Ұйқыдан соң
Дауыл өткен,
Жауын өткен
Менде дала қалпы бар.
Ұйқыдан соң
Жаңа ашылған күн көзіндей,
Жаңа ашылған гүл жүзіндей
Ой аспаным жарқырар!
* * *
Қартайды десін басқалар
Қартайды деме сен мені.
Өзіне ешбір білінбес,
Қуарып гүлдің семгені.
Өзіне ешбір білінбес,
Қызарып күннің сөнгені-
Жатқан соң бұғып шашта қар,
Қартайды десін басқалар,
Қартайды деме сен мені.
* * *
Елігіп улы тілдерге,
Жүгіре бердім аңқылдап.
Қараймын ыстық күндерге,
Ақылмен енді салқындап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқыдан соң өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ұйқыдан соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқыдан соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқыдан соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері