Пионер лагерінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Пионер лагерінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2880
Көркі болып Аққұмның
Жаңа егілген бақ жатыр.
Қанатындай аққудың
Ортасында ақ шатыр.
Ілулі тұр қақпада,
Жазғы лагерь жалауы.
Күн ұяға батқанда
Жалтылдайды алауы.
Сол оттармен бір шалқып,
Ұшады әндер қанатты.
Бұлақ біткен күй тартып,
Жаңғыртады алапты.
Сол бір оттың жанында
Күтер едім таңды ұзақ,
Жібермейді баруға
Сақал-мұртым жалғыз-ақ.
* * *
Келді көктем күндері,
Кетті қыстың ызғары.
Толқиды тау гүлдері
Табиғаттың қыздары.
Жібек шашын жел тарап,
Аялайды күн нұры.
Ән шырқайды гүлге арнап
Таудың ерке бұлбұлы.
Қайнап бұлты құздардың
Суарады кейде оны.
Қызыл-жасыл қыздардың
Құлпырады көйлегі.
Қашан көрсең әмәнда
Қызыл гүлдер мәңгі жас.
Сондай жастық саған да
Тілер едім қарындас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пионер лагерінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Пионер лагерінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пионер лагерінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пионер лагерінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері