Керемет бір хайуан керек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Керемет бір хайуан керек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2908
Бұрын «Ара» ара болатын,
Шаққан жері жара болатын.
«Арада» сыналған жанның
Ауызы қан, дала болатын.
Өйткені, сыналған «дөкей»,
Біреулерге болғанымен «көкей»,
Қызметінен ұшып кететін,
Құйрығын қысып кететін.
Содан үйрене келе,
Шенеуніктер «күйлене» келе,
«Араға» көңіл бөлмейтін болды,
Шыбын шаққан құрлы көрмейтін болды.
Бүгінгі «Ара» шақпайтын болды,
Шаққанмен, тісі батпайтын болды.
Себебі, жаңа заң шықты,
Заң емес, лаң шықты:
Онда жорналшылар
(Жеткен жері сол болған шығар),
Шенуніктерді сынамайтын болды,
Сынаса, ұнамайтын болды.
Керісінше, өздерін кінәлайтын болды:
«Жала жапты», – дейді,
«Қайда факті?», – дейді.
Сөйтеді де, шынын айтқан,
Халықтың мұңын айтқан
Жорналшыны сотқа береді,
Жалақор деп, шоққа көмеді.
Ашып небір сұмдықты,
Жазғанымен шындықты,
Қылмыскер мойындаса кінәсін,
Батылы жетіп, оны кім сынасын?
Жорналшы болса есі бар,
Сау басына сақина тілеп несі бар?
Сондықтан, «Арадан» бөлек,
Керемет бір хайуан керек.
У берсе де өлмейтін,
Өкіметіңе көнбейтін,
Қорықпайтын патшаңнан
Егеуқұйрық – Атжалман
Темірді де кеміреді,
Кемірген сайын семіреді.
Соны таңдаған жөн болар,
Жемқорды жойса, сол жояр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керемет бір хайуан керек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Керемет бір хайуан керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керемет бір хайуан керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керемет бір хайуан керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері