Алты құлаш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алты құлаш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1521
Жайықтан ары өтейін, бері өтейін,
Тор бесті ат екі өткенде терлетейін.
Есіме сен түскенде-еу, беу, бауырым,
Көңілді айтып өлең делбетейін.

Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабам ба деп.
Сұраймын келген-кеткен кісілерден,
Бауырым шетте жүрген аман ба деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері