Адасу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Адасу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1905
Ей, ерлі-зайыптылар,
Күнәкар, айыптылар!
Қамыққан көңілдерді
Арақ па айықтырар?
Көздерің тұманданған,
Кездерің шын алданған.
Өмірге қарайсыңдар
Кейіппен күмәнданған.
Күйініп болмашыға,
Түйіліп жолдасыңа,
Ақылды алдырттыңдар,
Жиылып жолға асыға.
Біріңнің анаң қалды,
Біріңнің балаң қалды.
Көңілді күйге толы
Күндерің қараң қалды.
Көкесін бала іздеді,
Бөпесін анан іздеді.
Жаутаңдап жарым жандар,
Өмірден пана іздеді.
Сендер де оңбадыңдар,
Кімдермен қонбадыңдар?
Бәрібір бұрынғыдай
Бақытты болмадыңдар.
Араққа салындыңдар,
Аяқтан шалындыңдар.
Адамдық ар алдында
Күнәға малындыңдар.
Ескі бір таныстардай,
Жай пікір алысқандай,
Кездейсоқ кездесіп қап,
Іштіңдер намыстанбай.
Сағынбас сірә кім бар?
Мән-жайды сұрадыңдар.
Тағы да тартып алып,
Солқылдап жыладыңдар.
Ей, ерлі-зайыптылар,
Күнәкар, айыптылар!
Қамыққан көңілдерді
Арақ па айықтырар?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адасу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Адасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері