Ымырт – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ымырт» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1144
Қараң-құраң бұталардың арасы,
әлдебіреу жүрген жоқ па, қарашы?
Маңай жұмбақ, бір құпия іс бардай,
қазір біреу етегіңнен ұстардай.
Тағы да ұрлап әлденені, тағы алдап
тағы біреу жүрген сын-ды қараңдап.
Шегіртке үні, сыбдыр-сыры қияқтың
көлеңке боп жортып жүрген сияқты.
Маңай тымық... бар есімде қалғаны:
нанның иісі шығып еді сонда бір,
Түннен қалған сорпа құсап баттасқан
жұлдыздары кілкіп шығып жатты аспан.
Дәл осындай елең-алаң бір шақта
жылады апам көзден жасы бұршақтап:
қой ұрланды...
желімізді кескен ең,
содан бері, ымырт, сенен сескенем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері