Атамның таяғы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Атамның таяғы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір ұшы – жұп-жұмыр,
Тым үшкір – бір ұшы,
Таяқсыз атамның
Бітпейді жұмысы.
Таяққа сүйеніп
Шығады далаға.
Таяғын көтеріп,
Ұрсады ағама.
Тозбайтын ешқашан
Атамның таяғы
Тілді мен алмасам,
Төбемді ояды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері