Әдемі – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Әдемі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Кемпірқосақ керілгені әдемі.
Көк шалғынға асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрінгені әдемі.

Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мінген атамның
Қойды өріске айдағаны әдемі.

Ақ бөбектің үлкен көзі әдемі,
Әжеміздің күлген көзі әдемі.
Бәрінен де жасқа толған бөбектің
Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері