Өкініш – Шот-Аман Уәлиханов

Бұл бетте «Өкініш» атты Шот-Аман Уәлиханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Омар Хайям сарынымен)
Қалдым ауырып, жаныма келме жақын,
Бейшарамын, пақырмын емес ақын.
Жұлдыз санап жатырмын ұйқым келмей,
Болмаған соң бұрынғы бойда қарқын.
Басым ауырып барады, басым ауырып.
Айналаның алдым-ау бәрін жау ғып.
Жүзім-дағы болыпты ақ қағаздай,
Алла, мені қоясың қашан сау ғып?
Ұят болды-ау ішкенім шама білмей,
Енді міне жатырмын көзімді ілмей.
Әйелімнің етегі жасқа толды
Тыныштығын бұзған соң тыныш жүрмей.
Бұлбұл едім сайраған бақшадағы,
Қоршалады жын-шайтан қай-қайдағы.
Қасіретке қайратты жанып алып,
Иілмейтін емендей болам-дағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері