Қызығу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қызығу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1637
Үлгілі әке, басшы, жар –
сендей болуға жас құмар.
Майлы қасықтай мәніңе
жабыса алмайды ащы зар.
Майланған адам бас сұғар
тесік біткеннің бәріне:
ұнатады сені басшылар,
ұнайсың жасқа, кәріге.
Тіл қатсаң болды – тас сынар –
жетпей жүр саған тағы не?
Жақсы десе дөкей жақсылар,
сол ғана тірлік мәні ме?
Болса да кезім бақ сынар,
бара алмай жүрмін әріге.
Ерсем-ау заман әніне,
үлгі етер сенсің хас шынар.
Қырсықтар сіңген тәніме
ақыл сіңбейді, тас шығар?!
Құлқым жоқ жағар, жақсы ұғар,
сандалып жүрмін әлі де.
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері