Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1048
Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп,
болмашыға жүрдік тер төгіп келіп,
жылағанға жүгірдім жүрегімнің
мейірімін, жылуын бөліп беріп.
Қазақы едім: аңқылдап көңілді өскем,
кезім жоқ-ты біреудің жолын кескен.
Аңғалдығым жеруік жүртқа жақпай,
жұғымсыздау, жетімдеу өмір кешкем.
Енді көрсем, басқа жұрт басқаша екен,
тіл табуға, есепке жақтас екен.
Ал мен неге жақпаймын, жағынбаймын,
жүргенімше соғылып тасқа шекем?! —
Десем-дағы,
жандай боп талғамы — үлгі,
өзгерте алмай келемін жан мәнімді.
Жерді қалай шындыққа толтырам деп,
атырамын дөңбекшіп таңдарымды.
Адалдықтың намысын жырту үшін
сабылғаным — басқаға күлкілі шын.
Жанып, сөніп мүжілген жанартаудай
өзімді жеп барады бұлқынысым.
1986


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері