Саттар Ерубаевты еске алу – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Саттар Ерубаевты еске алу» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 839
Мәңгiлiк орын алып тұрсың көктен,
Жырларың жүректердi дүрсiлдеткен.
Мен саған мәрмәр тастан белгi қойдым,
Көкем-ай, жиырма үшiнде қыршын кеткен.
Арғы атамыз айтулы шешен едi,
Белгiсiз борышымның өтелерi.
Ағатай, талай жерде есiме алдым,
Құрдасты сүйегенде көкелерi.
Аспанда тұр есiмiң жарқыл қағып,
Қайта-қайта оқыдық, саңқылдадық,
Мен сапарға шығарда туған елден,
Сен оралдың ақ қаздай қаңқыл қағып.
Мазалады үнемi сұрақ мұңлы,
Дәуiр сенiң жырыңа құлақ түрдi.
Күлiп түскен суреттiң ар жағында,
Жиырма үш жасар жан көкем жылап тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері