Өлең, жыр, ақындар

Асқар Сүлейменовті еске алу

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Тағы да келдi,
Сызғанның керiм көктемi,
Саураннан берi Шорнақта туған тектi едi.
Парықсыздыққа қарсылық едi-ау бiлгенге,
Асекеңдердiң жалғанға келiп кеткенi.
Ширалған ойлар шиыршық атқан бесiнде,
Шырмаған едi-ау Бабайқорғанның кешiнде.
Алматы жақта жанына ерiп жүрдiм мен,
Ешкiмге оның ұқсамайтыны есiмде.
Көңiлiм бүгiн қарашадағы мұңлы аспан,
Сол көктем жайлы жаза алмай жүрмiн
бiр дастан.
Асығыс соққан дөңгелегiндей поездың,
Зырлады уақыт орнында бiр сәт тұрмастан.
Шорнақта туып,
далада өскен ұлы адам,
Оңашаларда отырып жалғыз жылаған.
Жердiң бетiне елшiдей келiп,
Алладан,
Қазақ пен Созақ тiлегi жалғыз сұраған.
Тағы да келдi,
Баба ата жақтың көктемi,
Түркiстандағы Шорнақта туған тектi едi.
Парықсыздыққа қарсылық едi-ау бiлгенге,
Сүлейменовтiң өмiрге келiп кеткенi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен

  • 0
  • 0

Балдай тәттi әлдилеген бiр мұңмен,
Елес қуып жер бетiнде жүрдiм мен.
Қайта оралмас он сегiзбен,
алтыным,

Толық

Арканкерген

  • 0
  • 0

Арканкерген
Жер ғой бұл іздеп мені қалқам келген!
Қолдан қару
түспесін балтаң белден.

Толық

Аяулым-ау

  • 0
  • 0

Даладағы гүлсің бе, жаным,
Ұмыта алмай жүрсің бе, жаным.
Өткен менен кеткенді ойлап,
Қара түнде күрсінбе, жаным.

Толық