Өлең, жыр, ақындар

Өкінген


Буырқанған бұлақ сезім бастауы,
Бұлтқа оранған сезім бақтың аспаны.
Сүйгені үшін қатты өкінген бұл жүрек,
Ет есігін мәңгі жауып тастады.

Өкініш бар, тұнып қалған тереңде,
Сен артықсың менің мінген кемемде.
Капитан боп басқара алман жүректі,
Крузо болып ғұмыр кештім, сенем бе?

Толқын шайған өткен күндер елесін,
Жарға соққан, махаббатымның кемесін.
Жан дүниемнен хабары жоқ адамдар,
Ғашық болған, әлі де ғашық демесін.

Тоғыспаған сан тағдырлар тарауы,
Менімен бір жалғыздықтың аралы.
Ұмытты ма менің мұнда барымды,
Менің кемем кері қайтып барады.

Жаулап алған сан сұрақ от сананы,
Тарауларын жадымның ақтарады.
Үміттерім тиелген менің кемем,
Алыстап, қара нүкте боп барады.

Өзгелерден жалғыздығым бағалы,
Бос ашылар өмірдің бір парағы.
Жанға медеу жанның керек кезінде,
Жалғыз досым жалғыздықтың аралы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек кінәлі

  • 0
  • 1

Жүрегім ақылымнан таяқталды,
Мәңгілік махаббат та саяқ болды.
Екі жылға созылған бұл хикаят,
Екі сағат ішінде аяқталды.

Толық

Оралармысың

  • 2
  • 0

Кербез қылықтым, даралы мүсін,
Сілтедім тағы қаламның ұшын.
Тас жүрек болып жаралғанбысың?
Жанымды менің жаралау үшін!

Толық

Толғаныс

  • 0
  • 0

Аламан тағдыр,
Көнбесің бар ма?
Мың түрлі жандар,
Ұмтылған алға!

Толық

Қарап көріңіз