Өлең, жыр, ақындар

Жұмақ

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2233
Бар дейді бір керім жер Жұмақ деген,
әркімнен қайда өзі деп сұрап келем,
Таба алмай жүрмін әлі, бар білгенім –
әйтеуір сол жұмағың жырақ менен.
Шарладым талай елдің тайпаларын,
сонда да үмітті үзбей Ай қарадым.
Біреулер: «Америка – жұмақ!» – дейді,
болғанмын, бірақ соны байқамадым.
Жұмағың толы дейді бар асылға,
«Ла Манш бұғазының жағасында
боз торғай қой үстінде жұмыртқалап
жатыр ғой!» – дейтіндерге нанасың ба?
Япыр-ай, ол қай жерде, қай қалада,
мұнда деп біреу маған айта ала ма?
Немене Жұмақ деген, ондағы жұрт
шетінен жатып алып май қаба ма?
Жұмаққа барғандардың бәрі асыл ма,
жүр ме әлде қаралар да арасында?
Жер басқан тірлігіңді көре алмастар
ол жақта айнала ма жанашырға?
Ойланбай хансың ба, жоқ қарасың ба,
сол жақтан жайлы ортаны табасың ба?
Қорқамын далада өскен ақкөңіл ел
онда да түседі-ау деп жаңа сынға.
«Жұмақ жоқ, - десе де жұрт, - іздей берме!»
Келемін әлі үмітті үзбей мен де.
Онда да мықтылар мен көсемдерден
асылы орын тимес біздейлерге.
Құдайым қамқор болған жеке жебеп,
болғанмен ол киелі мекен ерек,
қорқамын бізден екі-үш адам барса,
жұмағың тозақ болып кете ме деп.
1993



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алақандағы жазу

  • 0
  • 0

Үйде ертемен тып-тыныш,
тұрдым жайлап, тарандым.
Сосын алақаныма
атын жаздым анамның.

Толық

Ұстаз

  • 1
  • 23

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Толық

Омар һайяммен әңгіме

  • 0
  • 0

Ортасы өзге, арманы бір, жан аға!
Қанша ғасыр жатыр сұлап арада,
қаншама сыр жырың құйды санама!
Жырларыңды оқысам да тамсана,

Толық

Қарап көріңіз