Намыс найзағайы – Әділғазы Қайырбеков

Бұл бетте «Намыс найзағайы» атты Әділғазы Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ерліктерді зерделеген жұрт ойға,
Перде бола алмайды ғой бұлт Айға.
Жас пен кәрі қайран қалып қараған
Желтоқсанда жалындаған Нұртайға.
Алмасса да бір қуаныш, бір қайғы,
Жеткіншектер ерлік жырын шырқайды.
Өр Намыстың найзағайы деп білем
Желтоқсанда жарқылдаған Нұртайды.
Топ ішінде тұлпар болар бір тайың,
Тілектес боп ұланыңа жүр дәйім.
Желбіреткен Намысыңның, жалауын
Желтоқсанның қаһарманы Нұртайың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері