Жолығар кезді мен күттім

Бұл бетте «Жолығар кезді мен күттім» атты Жұмағали Саин жазған жастар туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2203
Жолығар кезді мен күттім,
Жүректе асау тына алмай,
Жарқ еткен алдан ұмытпа,
Отырдым тілін ұға алмай...
Тым қатал сол шақ дегбірсіз,
Бар ойым: тез, тез, уақыт ет!
Тулайды жүрек, мен үнсіз,
Кешікпе, сәулем, бір минут.
Қинама ауыр ой салып,
Келер де болмай, келмес те,
Лап етті алдан бір жарық
Сөнер де болмай, сөнбес те...
Кел, кел, жаным, тезірек,
Жолығар, міне, болды шақ.
Өмірдей ыстық күлімдеп,
Бақыттай алдан жарқырап.
Осы бір сағат, осы кеш
Түйіні талай сырлардың,
Өзің айт жөнін, өзің шеш —
Мен күткен ұзақ жылдардың.

(Лермонтовтан)

Мені есіңе ал! Сен - дағы сол бір шақта.
Кеткен кезде жазамды заңнан тартып.
Қайғылы жүргенімде бөтен жақта,
Қуғында қасіреттің жүгін артып.
Болар кез, ұйқы көрмей кейбір түнде
Сен жалғыз отырарсың, май шам жағып...
Ғашықтық оты лаулар жүрегіңде,
Көзіңнен кетер ыстық жастар тамып.
Дерсің сен: бір кездерде ол да осы үйде,
Тап осы мезгіл еді, қайғы тартып
Отырған, қасіретті ауыр күйде
Шешуін өміріңнің тағдырға артып.
(Лермонтовтан)
Тоқта, жүрек, болды мезгіл,
Сабыр етер келді шақ,
Неге жиі соғасың құр
Ол кеткен алыстап.
Қалтырамай қайтсын ауыр
Есі кеткен сорлы жан,
Өтсе - дағы соққан дауыл
Теңіз дейін бұрқанған.
Сол сағатта айрыларда
Көрмедің бе, айтшы, жаным!
Төгілердей қарсы алдыңа,
Көзімде жас ойнағанын.
Қабылдамай, қақтың қатты,
Құрбан еткен көз жасымды,
Оятар деп махаббатты,
Аядың ба, өз басыңды?
Бүге алмады, бағындың сен
Ауыр дертті жүрек жалғыз,
Сүйемін мен, сүйесің сен,
Енді қалай ұмытармыз.
Тұрған мүлгіп талай заман.
Әлі өшпеген белгісі тұр.
Қарасаңыз қасына кеп.
Қосса - дағы шіркін өмір
Тағдыр қатал айырды деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолығар кезді мен күттім өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Жолығар кезді мен күттім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолығар кезді мен күттім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жастар туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жолығар кезді мен күттім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері