Бұл бетте «Мәз емес» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мещанкаға
Қызыл ерін,
Жалғыз көрім,
Бетіңе «ұнды» жағынсаң.
Үйден безіп,
Көше кезіп,
Жұрттың көзін бағынсаң.
Еппен тұрып,
Көзің күліп,
Назданасың «сарына»
Бүгін мынау,
Ертең анау,
Қарамайсың арыңа.
«Мен сүйемін,
Мен күйемін»
Жаттанды бұл «ойының».
Бұл - жүрістен,
Бұл сүйістен
Болар ма бір тойымың?
Саған қарап,
Жұлдыз санап,
Жүрген жастар аз емес.
Сені бағып,
Қалта қағып,
«Олжасы» алған мәз емес.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі