Тойжан, қалқам, басылды ма ашуың? – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Тойжан, қалқам, басылды ма ашуың?» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3968
Тойжан, қалқам, басылды ма ашуың?
Ерсі болар өз анаңнан асуың.
Сырттан естіп дауысыңды, кірмедім,
Орынды ғой ашуыңды басуың.
Ашу - деген пайда бермес адамға,
Ашу - үйір, ақылы аз наданға.
Еңдігісін өзің ойлап шеше бер,
Осы болды айтар сөзім табанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері