Жолбарыс жүрек жыраулар

Бұл бетте «Жолбарыс жүрек жыраулар» атты Әділғазы Қайырбеков жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тарланды таң асырып, ақтанкерді,
Қорғаған жан аямай жаттан жерді.
Жадымда жаңғыртады жорық жырын
Доспамбет, Тәттіқара, Ақтамберді.

Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны,
Қызыл тіл жол бастады, қол бастады.
Даланың өз дауысы деп түсінем
Шалкиіз, Асанқайғы, Марғасқаны.

Қайырмасы:
Ғасырлар озар, жыл аунар,
Қаңтардың қары қылаулар.
Даланың дүлей дауылы –
Жолбарыс жүрек жыраулар.
Ханға да қатал сұрау бар,
Халықтың ойын кім аулар.
Даланың дүлей дауылы –
Жолбарыс жүрек жыраулар.

Шабытын жүйрік ылди, өр таңдай ма,
Өлеңсіз өмір-өзен ортаймай ма.
Намысты қалғытпайтын сөз қалыпты
Үмбетей, Бұхар жырау, Шортанбайдан.

Қаныңда отты толқын тулататын,
Ғасырлар қатпарынан үн қататын.
Қазақтың ар-намысы, жан дауысы –
Қазтуған, Толғанбай мен Дулат ақын.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолбарыс жүрек жыраулар өлеңінің авторы кім?

Әділғазы Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жолбарыс жүрек жыраулар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолбарыс жүрек жыраулар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жолбарыс жүрек жыраулар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері