Өлең, жыр, ақындар

Аяз ата

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3499
I
Дала да аппақ, көк те аппақ
Сықырлайды басқан жер.
Ысқырады борандап,
Қысқы ашуға мінген жел.
Қарлы құйын аралас,
Құтырады, тынбайды.
Арыстандай араны аш,
Жата қап жер тырнайды.
Күндіз-түні сабылып,
Кезеді елдің қырларын.
Жел құсып, қар жамылып,
Көрсетеді тырнағын.
Қайыстырып жер бетін
Қармен аппақ көмеді,
Көрсетем деп келбетін
Аяз атаң келеді —
— Ей, балалар, балалар!
Жылы киім киіңдер!
Қардан қала соғыңдар,
Қарлы аязды сүйіңдер!
II
Қараңдаршы, балалар,
Аяз атаң түсіне,
Сырттан тұлып жамылып,
Тон киіпті ішіне.
Сақал, мұрты күмістей,
Үстін де қар көміпті,
Балаларын көрем деп,
Тым алыстан келіпті.
Кидіңдер ме, пима, тон,.
Бәрін жылы, бәрін сай!
Шығып кетіп көйлекшең
Деп жүрмеңдер: аяз - ай!
ІІІ
Мектеп толған балалар.
Аяз атаң сәнденіп,
Сөзін іркіп көпке айтар
Аз кідіріп, мән беріп.
Балаларға қарады
Қарады да не деді?
Саусақтарын санады,
Тамағын бір кенеді.
Таяғымен жер шұқып
Сақалын да тарады,
Балалар да қоршады,
Бәрі ентелеп қамады.
— Тоқта,— деді,—достарым!
Маған еріп жыл келді.
Араладым жер шарын
Көп сағындым сендерді.
Туғандарым — төлдерім,
Бәрің ұл мен қызымсың,
Бәрің менің жанымсың,
Бәрін атқан таңымсың.
Бірге келді жаңа жыл
Әрі әдемі, әрі жас.
Еліндегі жана өмір!
Жаңа таңмен аралас
Құтты болсын жеріңе
Құтты болсын бәріңе!
Жаңа таныс әкелсін
Жастарын мен кәріңе,
Осылайша басталды
Аяз ата жырлары.
Елка биін биледі
Балалар да тынбады.
«Алтын», «Күміс» тағынып
Аяз ата мақтанды.
Іздегені табылып
Балалар да шаттанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аттанайық майданға

  • 0
  • 0

Телегей-теңіз қан майдан,
Тебіренді қыз бен ұл,
Зеңбіректер аңырады,
Тітіренді ой мен қыр.

Толық

Сәлем саған, астанам

  • 0
  • 0

Мен қазақпын!
Ескі қазақ емеспін.
Кремльде талай еркін кеңестім,
Өнерлім, аштым ғылым сырларын

Толық

Дала

  • 1
  • 1

Уа, дала, күнің күліп, түнің жылып,
Пердеңді бетіңдегі қойдың сырып,
Дәл бүгін сансыз еңбек төсің көрді,
Нешеме жыл ұрланған сырың біліп,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар