Аттанарда

Бұл бетте «Аттанарда» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1815
Кәрі дүние шайқалды тағы да бір,
Торлады бұлт күн көзін, басты ауыр зіл.
Жарақты жау жалмауыз ажал - сынды
Келсін маған» деп менің алдымда тұр.
Кеттім. Қауіп дүниесі еншім менің,
Садағыңмын, қасиетті Отан, сенің.
Қанды жорық жолына бірге аттан,
Жарып шығар кеудемді өлеңдерім!
Нағыз баса табанды, сұр шинельмен,
Шықтым жолға достар көп қасыма ерген,
Оның Шолпан жұлдызың сөнбесін деп,
Қысқа ғана қоштастым туған елмен.
Жеткіз жылдам. Майданның даласына,
Оқ пен оттың қаулаған арасына!
Ақса қаным, анамдай мені өсірген
Шипа болар Отанның жарасына.
Жеткіз мені! Қарсы алсын өрт пен жалын!
Саған, жолдас қолбасшы, жалынамын,
Кескілескен айқаста бір сынайын
Кердең басқан көшеде ақын жаны».
Жеткіз!
Оған қауіпте, тез барайын,
Тез барайын, фашистен кек алайын,
Түндей қара жүрегін тура тіліп,
Қақ жарымды қанына бір малайын.
Қас жауымды мұқатпай қарсы шауып,
Тоғыз ажал, тұрса да тоқсан қауіп,
Жамды азаға, жүректі жауға тоспай,
Жата алмаспын үйімде ләззат тауып.
Қош, туған жер! Көрермін келсем тірі,
Жүзің ыстық, не деген қойының жылы!
Топырағыңмен жабарсың жас денемді,
Болсам егер құрбанның мен де бірі.
Ер партиям, ана боп сен тербеттің,
Білім бердің, өсірдің, мен ер жеттім.
Саған төнген қауіпке қарсы аттанып
Ақ жолыңда өлуді арман еттім.
* * *
Шайқасқа кеттім ел үшін,
Шарт сынау болат салты деп.
Шабуылға сан кірдім,
Артылсын Отан даңқы деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аттанарда өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Аттанарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аттанарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аттанарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері