Бұл бетте «Құбылды заман» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қабақта – қырау, көңілде – қылау,
Құбылды заман жалғанда мынау.
Соққандай боран сандалды адам,
Еңсені езді құдайсыз қоғам.
Қиналды жаның, төгілді қаның.
«Қызыл ту, - деді, - бағың мен арың».
Балғамен ұрып, орақпен орып,
Жапанда қалды қызыл гүл солып.
Кесіліп талың, таланды малың.
Егінді еккен өртеді жалын.
Өзеннен өтер таппадың өткел,
Бұзуға сеңді келмеді әлің.
Күннің де болар таңы мен кеші,
Думанға толар даланың төсі.
Санаға сәуле шым-шымдап енсе,
Түзелер түбі заманның көші.
Еркіндік келді. Ертеңге ел сенді,
Аллаға шүкір! Тілеуді берді.
Ай, жылдар өтер, көз тігер шет ел,
Көк туды көкке мақтанып көтер!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі