Өлең, жыр, ақындар

Сурет салу – өнер

  • admin
  • 18.09.2024
  • 0
  • 2
  • 2242
Суретшілік шебер,
Сурет салу – өнер.
Салып едім күнді,
Күн жадырап күлді.
Салып едім тауды,
Тауда жаңбыр жауды.
Салып едім үйді,
Төбесі көкке тиді.
Пойызды да салдым,
Жолға көп жүк алдым.
Ұшақты да салдым,
Алысқа ұшып бардым.
Көліктерді салдым,
Көркіне таңғалдым.
Салып едім бүркіт,
Кетті торғай үркіп.
Салып едім пілді,
Болып шықты зілді.
Салып едім атты,
Атым тұра шапты.



Пікірлер (2)

Беркімбай Бөрте

Бұл менің әдебиеттік оқу кітабым да бар шығады мекен деп көргенмін

Беркімбай Бөрте

Бұл менің әдебиеттік оқу кітабым да бар. Шығады мекен деп жасаған едім

Пікір қалдырыңыз

Сынақ

  • 0
  • 0

Кеше ғана бүршік жарып, гүл атқан,
Қазақ жері өтіп жатыр сынақтан.
Қанша кісі төсегіне таңылған,
Жаратқаннан жәрдем сұрап, жалынған.

Толық

Ұмыттым

  • 0
  • 0

Шыққан сайын түн түнегін түріп күн,
Бұл жалғанда сайран салып жүріппін.
Ұмытқам жоқ достарымның күлкісін,
Қастарымның табасын ше?

Толық

Қазақтарым бар екен!

  • 0
  • 0

Бағынбаған,
Ел қабағын баққан,
Жағынбаған,
Ел-жұртына жаққан,

Толық