Қазақтарым бар екен! – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Қазақтарым бар екен!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1132
Бағынбаған,
Ел қабағын баққан,
Жағынбаған,
Ел-жұртына жаққан,
Табынбаған,
Қалағанын тапқан,
Қазақтарым бар екен!
Тарылмаған,
Сескенбеген жаттан,
Қиналмаған,
Құрылса да қақпан,
Аман қалған
От пен судан, оқтан
Қазақтарым бар екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері