Ғасырмен қоштасу – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ғасырмен қоштасу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 895
Мың жылға нүкте қойып сен де, міне,
Кетесің еріп дәуір керуеніне:
Ғасырым, көз танитын – өз тарихым,
Қош енді, ризамыз бергеніңе!
Өткеріп сан сүргінді алашапқын,
Шығардың майданынан ғарасаттың.
Көк байрақ сен сыйлаған желбіреп тұр,
Баянды белгісіндей болашақтың!
Қайтеміз қоштасарда салғыласып,
Өмір ғой жататын бұл мәңгі ұласып.
Жалғасың – келер ғасыр жарылқасын,
Қазаққа жақындатып жолды қашық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері