Қайғымды қалыңдаттың – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қайғымды қалыңдаттың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 801
Қайғымды қалыңдаттың неге менің,
Қасымда ұшып­-қонған көбелегім?
Жаныңа керегіңді қайдан табам,
Білмеймін өзіме де не керегін.
Құйылып өзегіме жалын көптен,
Күйім бар күйіп­-жанып, қаным кепкен.
Өксиді жараланған жыр жүрегі,
Бір тамшы ем таба алмай қалың көптен.
Қиянат – қиып түссе жыр қанатын,
Төбеме төңкерілер бір қара түн.
Сондайда көңілді өзің жұбатпасаң,
Шығармын шынында да жынданатын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері